Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы тұрғындарды қабылдады

Қостанай облысы ПД бастығы тұрғындарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, азаматтарға кеңес берді. Ведомство басшысымен еліміздің басқа өңірлерінен онлайн режимде байланыса алды.

«Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ өкілі Мұрат Қаратаев мүлікті ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу мәселесімен жүгінді. Онлайн режимде Астана қаласынан байланысқа шыққан адвокат Ғабит Советовке тергеу және сараптама жүргізу барысы түсіндірілді. Қостанай тұрғыны Альбина Мұхамедьярова Майлин көшесіндегі үйдің аумағындағы қоғамдық тәртіп мәселесіне алаңдаулы.

Кіреберістерде белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдар жиі жиналады. Үй тұрғындарының атынан әйел аулада бейнебақылау камераларын орнату керектігін айтып, көмек сұрады. Облыстың бас полицейі облыс орталығында бейнебақылау жүйесін кеңейту бойынша полицияның жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Келесі жылы бейнебақылаумен қамтылмаған жерлерде камералар орнату жоспарлануда. Қостанай қаласы ПБ бастығы Мейрам Базарбаевқа осы ауданда патрульдеу мен алдын алу шараларын күшейту туралы тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру