Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жол апаты орнынан жасырынған мас жүргізушіні ұстады

Ақмола полицейлері жол апаты орнынан жасырынған мас жүргізушіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

22 қарашада Бурабай аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне Щучинск қаласының тұрғындарынан Луначарский көшесіндегі аулада тұрақ орнынан шығып бара жатып, Audi автокөлігінің жүргізушісі тұрақта тұрған Kia автокөлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Автокөлік туралы ақпарат патрульдік полицияның барлық жасақтарына жолданды. «Буран 1» экипажының қызметкерлері С.Қасенов, Т.Көпешов және «Буран 2» экипажының қызметкерлері М.Бекжанов және К.Шарипов ізіне түсіп, Әуезов көшесі бойында автокөлікті тоқтатты.

Полицейлердің тоқтау туралы талаптарына жауап бермеген жүргізуші орташа дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды.

Бурабай ауданының 25 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (Көлік құралдарының зақымдалуына әкеп соққан алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына қамалды. Жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру