Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері қаза тапқан әріптесін еске алды

Ақтөбе полицейлері қаза тапқан әріптесін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қарашада қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкері Темірбек Жақсылықбаевты еске алу құрметіне ол оқыған № 33 жалпы білім беретін мектепте волейболдан турнир өткізілді.

Темірбек Жақсылықбаев 2012 жылғы 21 маусымда қайтыс болды. Сол қайғылы күні такси жүргізушісі полицияға қоңырау шалып, Кірпішті ауылы бағытындағы көпірдің жанында белгісіз адамдардың пышақпен шабуыл жасағанын хабарлаған. Оқиға орнына әріптесімен бірге Жақсылықбаев дереу келген. Әріптесі такси жүргізушісіне көмектесіп жатқанда, Жақсылықбаев шабуылдаушылардың соңынан жүгірген. Нәтижесінде полиция қызметкері қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Марқұмның әйелі мен ұлы қалды. Ол органдарда 8 жыл қызмет етті.

Іс-шара бір минут үнсіздіктен басталды. Іс-шараға Темірбектің ата-анасы, жақын туыстары, ұлы мен әріптестері қатысты.

– Батырдың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Оның бейбіт уақытта, жас кезінде өз жоспарлары мен үміттерін жүзеге асырмай өмірден өткені өкінішті. Біз-құқық қорғау қызметінің қазіргі қызметкерлері, қаза тапқандарды еске аламыз. Темірбек Жақсылықбаев үшін парыз, ар-намыс, әділдік және батылдық ұғымы жай ғана сөздер емес, оның бүкіл өмірінің мәні болды, –  деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Іс-шараны ІІО ардагерлері мен марқұмның әріптестері ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру