Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада Иорданиядағы Азия чемпионатынан жүлдемен оралған полицейлер марапатталды

Астанада полиция басшысы Иорданиядағы Азия чемпионатының жеңімпаздары атанған полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев Иордания астанасы Амман қаласында бокстан Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған полиция қызметкерлерін «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалімен марапаттады.

ҚР құрама командасы медальдық есепте бірінші жалпы командалық орынға ие болды. Бұл жетістікке аталған чемпионатта алты алтын, алты күміс және сегіз қола медаль жеңіп алған динамикалық спортшылар айтарлықтай үлес қосты. Астана қалалық Полиция департаментінің Байқоңыр ауданы ПБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Ләззат Күнгейбаева 81 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері атанды.

Еске саламыз, Ләззат Күнгейбаева Азия чемпионатының бес дүркін финалисті және 2016 жылғы 81 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы. Спортшы өзінің алғашқы алтынын 2010 жылы Қазақстан чемпионатында алған. Елордалық полиция қызметкері Қамшыбек Қоңқабаев турнирдің финалына шығып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Спортшының қоржынында бұл Азия чемпионатындағы төртінші күміс. Қамшыбек Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру