Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Қызылордада жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қараша күні сағат кешкі 19:00 шамасында қала көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен туралы «102» арнасына хабарлама түскен. Тексеру барысында сағат 18:55 шамасында Қызылорда қаласы Абай – Панфилов көшелері қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен келе жатқан жаяу жүргіншіні белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалап кетіп қалғаны анықталды.

Аталған ЖКО бойынша жедел түрде іздестіру шаралары басталып, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде кезекші тәулікте күдікті автокөлік анықталды.

Көлік тізгіндеген 33 жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасыны ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жаяу жүргіншінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру