Алматы облысының полицейлері тұрғыннан ұрланған қаруды тәркіледі
Алматы облысының полицейлері тұрғыннан ұрланған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсан күні 17:30 шамасында Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Іле ауданының КазЦИК ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталған адамның автокөлігін тінту барысында Манлихер атыс мылтығы табылып, тәркіленді.
Айта кетейік, тәркіленген қару Алматы қаласының қару-жарақ дүкенінен ұрланған тізімде көрсетілген.
– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Іле ауданы Полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Күдікті ҰУИ-ға қамауға алынды. Барлық қажетті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық полиция.