Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы альфонс-алаяқты ұстады

Алматы полициясы альфонс-алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Астанада әйел адамдардың жүрегін жаулағыш алаяқты ұстады. Қаскөйдің кінәсінен 4 миллион теңгесін жоғалтқан жәбірленушілердің бірі қылмыскерді қолға түсіргені үшін полицияға шексіз алғысын білдірді. Бұл туралы ол өз алғыс хатында жазды.

– Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты ПБ КПБ Бастығы Мақсат Қайратов пен оның қарамағындағылардың келісілген және нақты әрекеттерінің және 18 күн бойы күдіктіні ұстау бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында. Сондай-ақ қашқынның орналасқан жерін анықтау үшін барлық озық IT-мүмкіндіктерін пайдаланған Алматы қалалық ПД КПБ “К” бөлімінің басшысы Игорь Пудовкинге және осы бөлімнің қызметкері Бақтияр Дүйсенге ерекше алғысымды білдіремін. Қайратов жүргізген осы шаралардың арқасында күдікті ұсталды. Алматы қаласының полиция басшылығына, Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты ПБ-ның қызметкерлері мен “К” бөлімшесінің мамандарының кәсіби және адами қасиеттерін жеткізуді азаматтық борышым деп санаймын. Сіздің қол астындағыларыңыздың арасында осындай қызметкерлердің көп болуын шын жүректен тілеймін, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру