Шымкентте полицейлер пошта жөнелтілімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Шымкентте полицейлер пошта жөнелтілімдеріне тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында, Шымкент қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері ұдайы түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Кезекті іс-шара Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында жүргізілді.
Аталған мекеменің цехінде Кинологиялық қызмет орталығының Айрон және Нона атты қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.Мекемедегі тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі мен Шымкент қаласының полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.