Жетісу облысында заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді
Жетісу облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұсынған ресми сандарға сәйкес, өңірде есірткінің заңсыз айналымына байланысты 9 құқық бұзушылық тіркелген.
Олардың ішінде есірткі заттарын сату фактісі – 3, аса ірі мөлшерде сақтау – 1 және есірткі қылмысы – 5. Заңсыз айналымнан 19 келі 246,40 грамм есірткінің әртүрлі түрлері алынды. Олардың ішінде 17 келі 946,78 грамм марихуана, 217,59 грамм гашиш және 82,54 грамм синтетика тіркелді.
Есірткіні тәркілеудің соңғы дерегі Көксу ауданында тіркелді. 23 қаңтарда Балпық би ауылында Талдықорғанның 35 жастағы тұрғыны бірнеше марихуанамен ұсталды. Іс жүзінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.