Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысының ҰҚКД-мен бірлесіп 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.
Ер адам 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) көзделген қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Ұсталған қылмыскер Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін болады.