Павлодар облысының тұрғыны көршісіне соққы жасаған
Павлодар облысының тұрғыны көршісіне соққы жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 наурызда сағат 12:30-да Ертіс ауданының полициясына Ағашорын ауылының 42 жастағы тұрғынынан шақыру келіп түсті. Әйел көршісінің үйінде болған кезде мас күйінде, жанжалдың салдарынан бет аймағына соққы беріп, оған физикалық ауырсыну әкелгенін хабарлады.
– Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін полиция қызметкерлері 33 жастағы көршісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасады. Материал сотта қаралды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Аудандық соттың қаулысымен 33 жастағы ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер осы жылдың басынан бастап Ертіс ауданындағы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.