«Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды
Алматыда «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының мүшесі есірткі сақтады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдіктіні полиция қызметкерлері 01:30-да Алматының Алатау ауданындағы Ұлжан ықшамауданында ұстады.
– Бұл – 36 жастағы Д.есімді азамат. Ол – Жамбыл облысының тумасы. Жедел деректерге сәйкес, ол ҚР аумағында тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни-экстремистік ұйымының қолдаушысы. Күдіктінің жеке басын тінту барысында ішінде есірткі салынған полиэтилен байламы табылды және тәркіленді. Ұсталған азамат есірткіні заңсыз сақтағанын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Дархан Әбіқұлов.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.