Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері “Kyzdar.Net” сайтынан жеңіл жүрісті қыздарды анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Kyzdar.Net” сайтынан жеңіл жүрісті қыздарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері адам саудасы, жыныстық әрі еңбек қанауына байланысты деректердің алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Мәселен, Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері рейд барысында Түркістан қаласы аумағында 8 жеңіл жүрісті қызды анықтады. «Kyzdar.Net” сайтына тіркелген бұл қыздар Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жеңіл жүрісті қыздарды полиция пунктіне жеткізіп, профилактикалық есепке қойды.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) мен ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру