Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған 345 жүргізуші анықталды
Павлодар облысында жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 345 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін 345 жүргізушіні ұстады. Мас күйде көлік жүргізу – жол қозғалысы ережелерін ең өрескел бұзушылықтарының бірі. Мас күйінде көлік құралын басқарған жүргізуші апатқа әкелуі мүмкін, онда ол өзі ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа қатысушылары да зардап шегуі мүмкін. Жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.
– 26 наурызда сағат 06.10-да Павлодар – Қызылорда автожолының 25 шақырымында полиция қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін байқап қалды, оның жүрісі құқық қорғау органдарының күдігін тудырды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізуші мас күйінде болған. Көлік айыппұл тұрағына қойылды. Ал жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды. Материал сотта қаралды, оның шешімі бойынша жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды, – деді облыс ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Куркебаев.
Басқа жағдайда Павлодар қаласы Н.Назарбаев даңғылында Audi автокөлігі тоқтатылды. Оның 22 жастағы жүргізушісі медициналық куәландыру қорытындысы бойынша мас күйінде көлік жүргізген. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция павлодарлықтың жүргізушінің куәлігі жоқ екенін анықтады. Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Сот шешімімен жүргізуші 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.