Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында алименттен жалтарған борышкер әке бас бостандығынан айырылды

Абай облысында алименттен жалтарған борышкер әке бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үржар ауданында алимент төлеуден жалтарған қашқын әкелерді жазаға тарту жалғасып жатыр.

Абай облысы Үржар ауданында алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін бір азамат бас бостандығынан айырылды. Алимент төлеуден жалтарған әкелерге қолданыстағы заң бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік және 5 тәуілікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік жазаларды елемейтін адамдар да аз емес. Ондай борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Көп жағдайда ата-аналар өз кірістерін жасырады.Тіптен еш жерде жұмыс істемесе немесе ресми түрде жұмысы жоқ болса алимент төлеудің қажеті жоқ деген қате пікірмен жүре береді. Алайда бұл мүлде қате ұғым, жұмыссыз болса да заң алименттен босатпайды. Мысалы, Д. есімді борышкер бұған дейін бірнеше рет алимент төлемегені үшін әкімшілік жауакершілікке тартылса да, өзіне тиісті қорытынды жасамай, қасақана жалтаруды жалғастырған. Сөйтіп Д. есімді азаматтың өзінің кәмелет жасына толмаған 2017 жылы туған А. есімді баласына төленбеген қарызы 1,8 млн теңгені құраған.

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен ҚР ҚК-нің 139-бабымен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, Абай облысы Үржар аудандық №1 пробация қызметінінің есебіне алынды.

Қазіргі ауқытта сотталған азамат өз жазасын өтеп жатыр. Осындай қатаң шаралар қабылдауға жеткізбей, ата-аналарды өз міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырамыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру