Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер боз кілемдегі белдесулерін ҰОС қатысушысының 100 жылдығына арнады

СҚО-да ҚР ІІМ спартакиадасы мен «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадасының бағдарламасы шеңберінде құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдардың қызметкерлері арасында қазақ күресінен жарыс бастау алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылғы жарыс Ұлы Отан соғысының қатысушысы, милиция генерал-майоры Ахмет Тұмарбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған.

Салтанатты ашылуды Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов өткізді. Сондай-ақ салтанатты шарада спорт пен дене шынықтыру саласын дамытуға, «Динамо» ДШСҚ мен күштік құрылымдардың имиджін көтеруге үлес қосқаны үшін спортшылар мен күштік құрылымдардың қызметкерлеріне құрмет грамоталары табысталды. Барлық ведомстволардың өкілдері жарыстың құрметті қонағы – «Динамо» ардагері, СҚО-дағы қазақ күресінен КСРО-ның бірінші спорт шебері Бауыржан Құлжановты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Кілемдегі кездесулер Петропавлдағы Александр Винокуров спорт сарайында өтіп жатыр. Республиканың түкпір-түкпірінен келген погон таққан 176 спортшы өздерінің төзімділігі мен шеберлігін сынауға жиналды. Олар 32 команданың намысын қорғамақ. Жекпе-жек алты салмақ дәрежесінде өтіп жатыр.

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов мұндай іс-шараларға қатысу жеке құрамды жақсы дайындықта болуда және командалық рухты қалыптастыруда қажетті спортпен шұғылдануға ынталандыратынын, полицияның имиджін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру