СҚО-да «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы басталды
Солтүстік Қазақстан облысында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы бастау алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақсаты – қоғамдық көліктің қауіпсіздігін нығайту. Таңертеңнен бастап тәртіп сақшылары автобустарды рейс алдындағы тексеру және жүргізушілерді медициналық тексеру қалай жүргізілетінін тексерді. Содан кейін желідегі тексерулер басталды. Жолаушыларға арналған сақтандыру полисін, көлік құралдарының техникалық жай-күйін, оның ішінде өрт сөндіргіштер мен балғалардың болуын қоса алғанда, құқық белгілейтін құжаттардың болуы – адамдар қауіпсіздігінің барлық аспектілері жіті назарда. Жалпы, тасымалдаушы жүргізетін бақылау ешқандай шағым тудырған жоқ.
– Қоғамдық көлік жолаушыларының қауіпсіздігі әрқашан полицияның назарында. Қызметкерлер қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі, сондай-ақ бейінді жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар жоспарланған, оның барысында жолаушылар тасымалының саласы тексерілетін болады, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
Жыл басынан бері СҚО-да автобус жүргізушілерінің қатысуымен ЖКО болған жоқ. Бұған дейін Петропавлда техникалық ақаулары бар көлік құралдарын пайдалануға шығарғаны үшін бір адам жауапқа тартылған болатын. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы лауазымды адамдар үшін 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл түріндегі жауапкершілікті білдіретінін еске салады.