СҚО полицейлері студенттерге желідегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
СҚО полицейлері студенттерге желідегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері жастардың дінге деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтіп, студенттермен және колледж оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дін саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын жеткізуде. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оларға деструктивті діни ағымдарға тартылу қаупі туралы айтып берді.
Тәртіп сақшылары Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-де екінші курс студенттерімен кезекті кездесуді өткізді. Әңгіме тақырыбы экстремизм, терроризм және ғаламтор болды. Осының көмегімен жастар барлық мәліметтерді, соның ішінде дін туралы да ақпараттарды білді. Әлеуметтік желілер мен бейне хостингтердің ішінде «адасып кету», экстремистік идеологияның ықпалына түсу қаупі жоғары.
Студенттер сенімді ақпарат көздеріне, әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне белсенді қызығушылық танытты. Негізгі кеңестер: «бүкіләлемдік ғаламтор» кеңістігінде ұсынылған ресми дереккөздерге ғана сену, әңгімені діни тақырыптарға табанды түрде аударатын адамдармен қарым-қатынастан аулақ болу, экстремистік идеологияның ерте ме, кеш пе жеке тұлғаның басылуына және толыққанды өмірдің жойылуына әкелетінін есте сақтау.