Алматы полициясы алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады
Алматы полициясы алаяқтықтың 11 дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарапайым, сонымен қатар күрделі алдаудың әдісін Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны ойлап тапқан. Әуезов аудандық ПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызбен жүгінген, олардың айтуынша, жас жігіт криптовалютаның қаржылық интернет-алаңында қаражатты көбейтіп беремін деген желеумен ірі көлемде ақшаны иемденген.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол 23 жастағы Л.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті ақшаны қайтару бойынша өз міндеттерін орындауды ойламаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас 11 эпизод тіркелді, яғни 11 жәбірленуші күдіктіге кемінде 3 миллион теңгеден берген, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.