Павлодарда жедел уәкілдер зейнеткерден 7 млн теңге алған жалдамалы алаяқтарды ұстады
Павлодарда жедел уәкілдер 82 жастағы зейнеткерден 7 млн теңге алған жалдамалы алаяқтарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Сіз тез ақша тапқыңыз келе ме? Алғашқы миллионыңызды алыңыз! Барлық армандарыңызды орындаңыз!: дәл осындай жарнамалық роликтер жас жігіттерді оңай ақша табуға қызықтырады.Әлеуметтік желілерде, жеделхат мессенджерлерінде адамдарға қысқа мерзімде көп мөлшерде табыс уәде етіледі.
– Әдетте жұмыссыз жастар немесе тез байығысы келетіндер мұндай хабарландыруларға назар аударады. Мысалы, 15 маусымда Ак.Сәтбаев көшесіндегі «Банк Центр Кредит» жанында жедел уәкілдер 17-18 жастағы үш жас жігітті ұстады. Осы банктің терминалы арқылы жастар белгісіз шотқа 6,3 млн теңге сомасында қаражат салуға тырысты. Полицейлер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Екі күдіктіге қатысты үй қамауына алу бұлтартпау шарасы таңдалды. Кәмелетке толмаған бала ата-анаға тапсырылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Тергеу барысында анықталғандай, ұсталғандардың бірі мессенжерде табыс туралы хабарландыруды байқаған. Тапсырма алданған зейнеткерлерден ақша жинау және оларды көрсетілген мекенжайға жіберу болатын . Ұсынысқа қызығып, достарымен бірге белгісіз біреудің нұсқауы бойынша Ленинский кентіне барып, 82 жастағы әжеден 7 млн теңге алған. Бұған дейін зейнеткерге полиция қызметкері болып таныстырған ер адам үй телефонына қоңырау шалып, қызының апатқа ұшырағанын және мәселені шешу үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін, сондай-ақ зардап шеккендерді емдеу үшін ақша қажет екенін айтқан. «Жұмыс берушінің» нұсқауларына сүйене отырып, олар көрсетілген сомадан 700 мың теңгені өздеріне қалдырып, ал қалған соманы аударым арқылы жолдауды жоспарлады.
Полиция оңай ақша табу туралы жарнамаға сенбеуге шақырады, мұндай ұсыныстарға келісу алаяқтық қылмысына қатысу болып саналады. Ол үшін ҚК-нің 190-бабы шеңберінде жауапкершілік көзделген. Жалдамалы алаяқ – бұл қылмыстық желінің «төменгі» буыны. Есіңізде болсын, «Тегін ірімшік тек қақпанда болады».
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.