Павлодарда тонау қылмысына қатысы бар күдіктілер қамауға алынды
Павлодар қаласында ұйымдасқан қылмыспен күресу басқармасының жедел қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар Ақсу қаласының 20 жастағы екі тұрғынын анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар қала тұрғынынан 215 мың теңгені ашық түрде ұрлап кеткен. Бұдан әрі қоқан-лоққы жасау арқылы жалпы сомасы 1 млн 640 мың теңгеге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.
– Ұсталған кезде күдіктілерден Iphone 11 және iPhone 14 Promax телефондары, ақшалай қаражат тәркіленді. Тонау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың Павлодар облысының аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыс бар-жоғы тексверіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.