Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жедел қызметкерлері есірткі таратқан павлодарлық 27 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адамның белсенділігі интернет желісінің ресурстарын мониторингтеу барысында есірткі құралдарының «бетбелгілерін» неғұрлым ықтимал қалдыру орындарын жасырын бақылау барысында полицейлердің назарын аударды.

– Оқиға орнын тексеру кезінде ұнтақ заты бар 10 кішігірім орам табылды. Олар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша табылған зат – жалпы салмағы 120 грамм болатын каннабис тектес есірткі екені анықталды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Тимур Қаржаубаев.

Ер адам жедел қызметкерлерге интернеттен үлкен табыс табуға уәде берген хабарландыру тапқанын айтты. Ұсынысты ойланбастан қабыл алды. Оның телефонына есірткі затын алу қажет және кейіннен бетбелгі қою қажет жерлердің координаттары бар хабарламалар келіп түсті.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін максималды жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру