Қарағандыда ҚАЖ қызметкері кәмпитке қақалып қалған сотталғанды құтқарып қалды
Қарағандыда ҚАЖ қызметкері кәмпитке қақалып қалған сотталғанды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 маусымда Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №29 мекеме жасақтарының бірінде тәрбие жұмысын жүргізуге арналған бөлмеде бір сотталғанның тамағына кәмпит тұрып қалған. Содан тыныс алу жолдарының бітеліп қалып, механикалық асфиксияны тудырды.
Тұншығып, есінен танып жатқанда слтталғанды байқаған Азамат Мергенгожин бірден көмекке келіп, сотталушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазіргі таңда сотталған азаматтың денсаулығы бірқалыпты.