Алматылықтарға шетелдік көліктерді заңдастыруға “көмектесуге” уәде берген күдікті ұсталды
Алматылықтарға шетелдік көліктерді заңдастыруға “көмектесуге” уәде берген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы А.есімді азамат бұдан басқа жүргізуші куәлігін де алуға “көмектесуді” ұсынған. Күдікті өз қызметін 250 мың теңгеге және одан да жоғары бағалаған.
– Біздің бөлімшеде алаяқтық дерегі бойынша осыған ұқсас 4 арыз тіркелді. Жедел шаралар қолданылып, күдікті ұсталды. 29 жастағы А.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазір тергеушілер ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. А.есімді азамат қамауға алынды, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі