Қызылордада көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған мас жүргізуші ұсталды
Қызылордада көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде Opel Vectra автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік тізгіндеген 36 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны және оның 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен жүргізу құқығынан өмір бойына айырылғандығы белгілі болды.
Патрульдік полиция қызметкерлері оны наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес азамат “орта дәрежедегі” масаң күйде болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.