БҚО-да ер адам көпірден секірмек болған
БҚО полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 тамыз күні сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне белгісіз ер адамның Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен өз-өзіне қол жұмсамақ болып, құлайын деп тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Осы уақытта жақын жерде қызметтік бабын өткеріп жүрген патрульдік полиция қызметкерлері Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов оқиға орнына келіп, ер адамды аман алып қалуға қажетті шараларды жасаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері 1 сағаттан астам уақыт бойы ер адаммен сөйлесіп, кейін райынан қайтарып, қауіпті аймақтан шығарған. Полицейлер ер адамды тыныштандырып, Орал қаласының ПБ-ға жеткізген.
Анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас күйде болған. Ол өзінің мұндай іс-әрекетке бару себебін қызымен арасында болған жанжалдың кесірінен деп түсіндірген. Алайда полицейлердің кәсіби шеберлігі арқасында ер азамат аман қалған.
Тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ер адам Орал қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.