Шу тұрғынынан 100 келіге жуық балық тәркіленді
Шу тұрғынынан 100 келіге жуық балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен Шу ауданы бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында Тасөткел су қоймасының жағасынан 47 жастағы Шу қаласының тұрғыны аулаған жалпы салмағы 100 келіге жуық бес қапқа салынған әртүрлі балық пен резеңке қайық табылды. Ер адамның айтуынша, ол балық ауламаған, бірақ одан әрі сату үшін балықшылардан сатып алған.
Ер адамға балықты заңсыз сатып алғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Материалдар облыстық балық шаруашылығы инспекциясына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Тәртіп бұзушы мемлекетке келтірілген зиянды өтеуге, сондай-ақ 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жамбыл облысының полиция департаменті әуесқой балық аулау тиісті ережелермен егжей-тегжейлі реттелетінін ескертеді. Балық аулаудың бұл түрі ауланған балықты жеке тұтыну үшін рұқсат етіледі.
Сондай-ақ балық аулау ережелері белгілі бір жабдықты пайдалану қажеттігін қарастырады: балық аулау қармақтары, су астындағы аң аулауға арналған мылтықтар, торлар, аулар (бір балық аулаушыға үш данадан аспайды), сондай-ақ жолдама мен рұқсат алу. Жолдамалар 7 күнге дейінгі мерзімге беріледі, бұл ретте бір балықшыға тәулігіне 5 келіден аспайтын балық аулауға рұқсат етіледі. Жолдамалар нөмірленеді, өйткені бұл қатаң есептегі құжаттар. Жолдамаға eGov.kz. сайтында онлайн тапсырыс беруге болады.