Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер қаза болды
Жетісу облысында көлік аударылып, зейнеткер жүргізуші қаза болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік апаты Ескелді ауданында LADA Largus автокөлігінің қатысуымен болған. Жергілікті маңызы бар Көксу – Балпық би – Қарабұлақ – Қайнарлы тас жолының 34-шақырымында көлік аударылып, оқиға орнында 64 жастағы жүргізуші зейнеткер қаза тапты.
– Көлік салонында болған екі ер адам және екі әйел азаматы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден кейін екі адамға амбулаториялық ем тағайындалып, екі адам ауруханаға жатқызылды, – деп хабарлады Ескелді ауданының полициясы.