ШҚО-ның бас полицейі тұрғындарды қабылдады
ШҚО-ның бас полицейі түрғындарды қабылдады, – деп хабарлады Polisia.kz.
ШҚО ПД бастығы, полиция қызметкері Ерлан Омарбеков облыс тұрғындарын қабылдады. Екі сағатқа созылған қабылдауда облыстың бас полицейіне 8 тұрғын жүгінді, олардың кейбірі бейнеконференция арқылы қабылданды.
Азаматтардың қылмыстық істерді тергеу фактілеріне, жол қауіпсіздігіне, кадр саясатына қатысты түрлі мәселелері қаралды. Азаматтардың сауалдарымен қатар полицейлер №6 орта мектептің өкілі Айгүл Санатованың Өскемен қаласы ПБ қызметкерлерінің атына оқушыға көрсеткен көмектері үшін алғыс сөздер де келіп түсті.
Белгілі болғандай, баланың заттары мен оқу құралдары өрт кезінде жанып кеткен.
– Бауырмалдылық, алаңдаушылық көрсетіп, еңбекқор болғандарыңыз үшін рақмет! Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан игі істерге уақыт табатын осындай жұмылдырылған кәсіби қызметкерлер барына қуанамын, – деп атап өтті мектеп әкімшілігі.
Қабылдауға құзыретінде өтініштері бар басқарма басшылары да қатысты, оларға Ерлан Омарбеков бірқатар нақты фактілер бойынша жедел әрі сындарлы шаралар қабылдауды тапсырды. Қосымша зерделеуді қажет ететін материалдар жеке бақылауға алынды.