Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында такси жолаушысынан бір қап марихуана табылды

Жамбыл облысында такси жолаушысынан бір қап марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатындағы «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жедел ақпаратты іске асыруда Меркі – Шу – Бурылбайтал көлік жолының 14-шақырымында Volkswagen автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің артқы жүк салғыш бөлігінде Меркі ауданының 31 жастағы жолаушысына тиесілі есірткі заты салынған полиэтилен қапшық табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 6 келі кептірілген марихуана екені анықталды.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру