Абай облысында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен апалы-сіңліні іздеп тапты
Абай облысында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен апалы-сіңліні іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамыз күні сағат 19:00-де полицияға облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны хабарласып, үйдің ауласында бірге ойнап жүрген 10 және 8 жас аралығындағы балалары жоғалып кеткенін хабарлайды.
«Дабыл» сигналы бойынша қыздарды іздеуге Абай облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.
Полицейлерге «volontery_semey_lider.kz» еріктілері, қыздардың оқытушылары, сондай-ақ әлеуметтік желілерде болған оқиға туралы құлақтанып, оған бей-жай қарамайтын азаматтар қосылған. Балалардың орналасқан жерлерінің барлық нұсқалары пысықталды.
Тәртіп сақшылары еріктілермен бірге жақын маңдағы аудандар мен жеке сектор көшелерін қарады.
Сағат 22:30-да еріктілермен азаматтар байланысқа шығып, апалы-сіңліні басқа ауданнан байқап қалғандарын айтып, олардың орналасқан жерлері туралы хабарлайды. Бірлескен жұмыстың арқасында қыздар үйлеріне аман-есен оралды.
Абай облысы полиция департаменті барлық бей-жай қарамаған азаматтарға, әсіресе еріктілерге үлкен алғысын білдіреді.
– Бірлескен күш-жігердің арқасында біз балаларды тірі және аман-есен таба алдық. Бұл, әрине, үлкен бақыт. Мен ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды сұрағым келеді, себебі орны толмас жағдай орын алуы да мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі – бұл әрбір ересек адамның міндеті және оған күн сайын жауапкершілікпен қарау керек, – деп атап өтті ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.