Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысындағы автожолда болған жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды

Жетісу облысындағы автожолда болған жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полициясы өңірдің автожолдарында жаяу жүргіншілердің жарақаттануы мен қаза болуына қатысты алаңдатарлық статистиканы жариялады.

Биыл облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен жол-көлік оқиғасында 20 адам қаза тауып, 81 адам түрлі жарақат алды. Соңғы факт 8 қыркүйекте Ескелді ауданында тіркелді. Онда Ваз-21713 автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Талдықорған – Текелі автожолының 14-шақырымында 52 жастағы әйелді қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты.

Полиция қызметкерлері барлық азаматты жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру