«Мектепке мина қойылған»: Тараз полициясына жалған хабарлама берген оқушылар анықталды
«Мектепке мина қойылған»: Тараз полициясына жалған хабарлама берген оқушылар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқу жылының басында Тараз қаласы мектептерінің бірінің электрондық мекенжайына білім беру мекемесі ғимаратының жарылу қаупі бар екендігі және 10 миллион теңге көлемінде ақша төлеуді талап еткен хабарлама келіп түсті. Тексеру барысында ақпарат расталмады, жарылғыш құрылғы табылмады.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 13 қыркүйекте Жамбыл облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қаласының ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен облыс мектептерінің бірінің екі сегізінші сынып оқушысы анықталды.
Белгілі болғандай, іс-әрекеттің себебі балалардың тентектігі және сабақ үрдісін бұзуға деген ұмтылысы болған.
Айта кетерлігі, құқық қорғау органдары терроризм актілері туралы хабарламалар түскен кезде әрқашан нақты қауіптің болуының алғышарттарына сүйене отырып әрекет етеді. Сондықтан келіп түскен барлық қорқыту әрекеттері бойынша шұғыл қызметтердің міндетті түрде болуы, сондай-ақ азаматтарды эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылады, объектілерді егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі, жарылғыш құрылғыларды іздеу бойынша шаралар қабылданады.
Мұндай ойындар қоғам мен мемлекетке елеулі зиян келтіреді, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс кестесі бұзылады, ал азаматтарда қорқыныш сезімі, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда ыңғайсыздық пайда болады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мұндай қылмысы үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Егер мұндай әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, залалды өтеу олардың ата-аналарына жүктеледі.