ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды
ШҚО тұрғыны алаяқтарға 5 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғынынан өтініш келіп түскен. Ер адам танысының су құбырын тартуға ақша салуды ұсынғанын, бірақ оны алдап, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген шығын 5 миллион теңгеден асты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы күдіктіні ұстаған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұдан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.