Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері үш күн күнде масаң күйдегі 10 жасөспірімді анықтады

СҚО полицейлері үш күн күнде масаң күйдегі 10 жасөспірімді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдық ювеналдық полицейлердің кезекті рейдтік іс-шарасы жоғалып кеткен жасөспірімді іздеуге қатысты шаралар қабылдаудан басталды. Қуанышқа орай, 15 жастағы қыз бала тез арада табылды. Оның айтуынша, телефонның даусын естімеген. Әжесі уайымдап, не істерін білмей, әбден абдыраған. Тәртіп сақшылары профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп, түнгі көшелердегі рейдтерін жалғастыруға көшті.

Сауда үйлері, көңіл көтеру орындары және жасөспірімдер болуы мүмкін орындар басты назарда болды. Осы және басқа да жұмыстар 22-24 қыркүйек аралығында өткен “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасың шеңберінде жүргізілді. Рейдтік іс-шараларға сақшылармен бірге білім жүйесі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де қатысты. Үш күн ішінде облыста түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс жүрген 49 жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ата-ана міндеттерін орындамаған 25 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке арқалады. Масаң күйде жүрген кәмелетке жасына толмаған 10 бала және олар жасаған 10 ұсақ бұзақылық анықталды.

24 қыркүйекке қараған түні тыныштықты бұзу фактісіне келген петропавлдық полицейлер Қазақстан Конституциясы көшесінде ашуға берілген 14 жастағы жасөспірімді көреді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ол есірткілік масаң күйде болған. Кейін ол облыстық балалар ауруханасына орналастырылды. Полиция қызметкерлері оның тәртібі мен әрекеттерін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау үшін материалдар жинауда.

– Сондай-ақ іс-шара шеңберінде 4 жасөспірім мен қолайсыз 16 отбасы есепке қойылды. Олармен тиісті күнделікті жұмыстар жүргізілетін болады. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан болатын және оларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жасөспірімдердің қараусыз жүруі – олардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болуы мүмкін. Ересектерден кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын бақылап отыруларын, оларды тәрибелеуге белсенді қатысуыларын сұраймыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру