Жетісу облысында жеке үйлердің бірінде есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастырған азамат ұсталды
Жетісу облысында жеке үйлердің бірінде есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін 2 келіден астам гашиш сақтағаны үшін ұсталған Үштөбе қаласының тұрғынына енді есірткі тұтыну үшін притон ұйымдастырды деген айып тағылды. Қазір 30 жастағы Үштөбе қаласының тұрғыны қамауға отыр. Ер адам жеке үйін есірткі тұтыну үшін жабдықтағаны белгілі болды.
Енді ұсталған адамға есірткіні заңсыз сақтаудан басқа ҚР ҚК-нің 302-бабы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру) айып тағылуда.
Заңнамаға сәйкес күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.