Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған азамат елден шығарылды

ШҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған азамат елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Глубокое кентінің тұрғыны қос азаматтығы болғаны үшін Қазақстаннан шығарылды. Қыркүйек айында көші-қон қызметінің қызметкерлері 2020 жылдың мамыр айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған Глубокое ауданының 63 жастағы тұрғынын анықтаған. Алайда ол шетел азаматтығын алу фактісі туралы заңда белгіленген мерзімде хабарламаған, Қазақстан азаматының төлқұжатын және жеке куәлігін тапсырмаған.

Полиция қызметкерлері ресейлік әйелді ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және сот қаулысы бойынша 10 тәулік ішінде елден кетуге тиіс.

Құқық бұзушыдан Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты тәркіленіп, Қазақстан азаматтығынан айырылу тіркелді.

Құқық бұзушыларда қос азаматтығы болудың бірнеше себептері бар: мемлекеттік шекарадан кедергісіз өту, материалдық артықшылықтар алу, атап айтқанда: зейнетақы есебі, мұра, балалар туылған кездегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдетілген жағдайлар.

Жыл басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтығы бар 35 азаматтың тұрғылықты жерін анықтады. 8-і елден шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру