Көкшетау тұрғынын 12 млн теңгеге сан соқтырған күдікті анықталды
Көкшетау қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тамыз айында болған қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының басында полиция басқармасына Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны маусым, тамыз айлары аралығында бұрынғы таныс адамы 12 млн теңге көлемінде оның ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны туралы өтінішімен жүгінді.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Анықталғандай, жәбірленуші бірнеше жылдан бері автокөлік сатумен айналысқан досынан 12 млн теңгеге Audi A8 көлігін сатып алған. Көлікті сатып алып, ер адам бірден құжаттарды өз атына рәсімдеген. Бірақ кейінірек көліктің жаңа иесі оның моторы жұмыс істемейтінін анықтап, сатушыға көлікті қайтарып, барлық ақауларды жоюды сұрады.
Күдікті содан кейін жай ғана байланысқа шығуды тоқтатты, зардап шеккен адамның қоңыраулары мен хабарламаларына жауап бермеді, ал көлікті басқа адамға рәсімдеді. Содан кейін ер адам полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған. Екі айлық іздестіру шараларынан кейін полицейлер күдіктіні Сандықтау ауданында анықтай алды. Құқық бұзушының осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.