СҚО-да қызметтік иттер 100 келіден астам есірткіні тәркілеуге көмектесті
СҚО-да қызметтік иттер 100 келіден астам есірткіні тәркілеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық автожолдарда полицейлер қызметтік-іздестіру иттері қатысатын көлікті тексеруден өткізеді. СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 1 маусымнан бастап өткізілетін «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысады. Патрульдік полиция батальоны мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірге төрт аяқты полицейлер есірткі контрабандасының ықтимал фактілерін болдырмау үшін көліктерді тексереді. Осыған ұқсас жұмыстар пошта бөлімшелерінде, автовокзалда жүргізіледі.
Құқық бұзушылар тыйым салынған заттарды қалай ораса да, иттің өткір иісті сезе алуы оларды анықтауға көмектеседі. Осы жылдың мамыр айында полиция қызметкері Болат Бекмағамбетовтің бастамасымен жүрген лабрадор Бэлла жеке үйді тінту кезінде қолданылды. Жұмыс барысында ол өсімдік тектес затпен полимерлі пакеттер жатқан жерді тауып алды. Үйдің аумағында Бэлла құрылыс қоқыстары мен ескі темір пештің астына жасырылған пакетті тапты. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың салмағы 6 келіден асатын марихуана және салмағы 49 грамм болатын гашиш болып шықты.
– Бүгінгі таңда СҚО-да 50 қызметтік-іздестіру иті қылмыспен күресуге көмектеседі. Оның 22-сі кинологиялық қызмет орталығында, қалғандары қалалық басқармада және аудандық полиция бөлімдерінде ұсталуда. Әрқайсысы жеке «бағдарлама» бойынша оқытылған: із жұмыстары, одорологиялық сараптама, есірткі заттарын іздеу және т.б. 9 ай ішінде 373 жағдайда қызметтік-іздестіру иттері ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстарды ашуда қолданылды. Қызметтік иттерді пайдалану арқылы 281 қылмыс, оның ішінде 121 ұрлық ашылды, – дейді СҚО ПД КҚО бастығы Самат Төлебаев.