ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған тұрғын қайтадан мас күйде көлік басқарған
ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған ер адам қайтадан мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайтадан мас күйде көлік тізгіндеген.
Самар ауылын патрульдеу кезінде аудан көшелерінің бірінде тәртіп сақшылары масаң күйде көлік тізгіндеген 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda 626 көлік құралын тоқтатқан.
Жүргізушіні наркологиялық сараптамадан өтуге жіберген соң, нәтижесінде масаң болудың жеңіл дәрежесі анықталған. Ер адам осы жылдың қыркүйек айында сот шешімімен жүргізуші куәлігінен 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Заңнаманың күшеюіне қарамастан, масаң күйде көлік жүргізуге құштар адамдар әлі де бар. Сот қылмыскерге қатысты бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердегі айыппұл, сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларының нақты біреуін айқындайды.
Жыл басынан бері өңірде мыңнан астам жүргізушінің масаң күйде көлік жүргізгені, оның 62-сі бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанын атап өткен жөн.