Павлодар облысында мектеп оқушылары электронды темекі шегіп, балағат сөздер айтқан
Павлодар облысында мектеп оқушылары электронды темекі шегіп, балағат сөздер айтқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс аумағында «Мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
– Полицейлер оқушылармен және педагогтармен кездесулер өткізіп, бейресми көшбасшыларды, қоғамға жат бағыттағы топтарды және кәмелетке толмағандардың тәртібіне теріс әсер ететін ересектерді анықтау бойынша ұсыныстар әзірледі, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мысалы, Б.Ахметов атындағы колледж студенттерімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер кездесті, онда нарколог-дәрігерлермен бірлесіп есірткі препараттарын тұтынудың зияны туралы түсіндірме әңгіме жүргізді. Егер балалар қорқытып алумен келсе, кімге жүгіне алатынын түсіндіріп, қазіргі уақытта алаяқтардың қандай әрекеттері жиі кездесетіні туралы ескертті және жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
– Нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 11 заң бұзушылығы, оның ішінде ұсақ бұзақылық, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы тоқтатылды. Мысалы Ақсу қаласындағы колледждердің бірінде кәмелетке толмаған студенттер арасында балағат сөздер айтумен қақтығыс болды. Барлық құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылады. Ал мектептердің бірінде 7 сынып оқушысы электронды темекі шегетін.
Заңды өкілге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді полиция.
Профилактикалық іс-шараның аяқталуына қарамастан, полиция қызметкерлері өңірдің білім беру ұйымдарында профилактикалық дәрістерді жалғастырады.
Полицейлер осы жылы облыс аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 22 қылмыс тіркелгенін атап өтті.