Маңғыстау полицейлері ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді
Маңғыстау полицейлері ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қараша айының 6-8 күндері аралығында Маңғыстау облысы аумағында “Металл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 38 және 57 жастағы ұрлыққа қатысы бар азаматтарды анықтап, ұстады.
Белгілі болғандай, олар жеке шаруа қожалық иесіне тиесілі НКТ құбырларын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Жәбірленуші бірден полицияға арызданды. Келтірілген шығын 500 мың теңгені құрады. Күдіктілерден жасаған қылмысын мойындады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.