Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жол ережелерін бұзған 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Маңғыстауда жыл басынан бері жол ережелерін бұзған 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында қала мен аудандардың, шағын аудандар мен көшелердің аумағын тәулік бойы патрульдейді.

Жыл басынан бері 88 805 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде 38 885 дерек жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілермен тіркелген. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша 19 108 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабымен 8927 хаттама жасақталды. Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізу қылмыс екенін біле тұра, жыл басынан 729 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған. Он айда жолды тыйым салынған жермен кесіп өткен 8 765 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Сондай-ақ 1 227 жүргізуші жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол бермегені анықталды.Жолдың қарсы жолағына шығып көлік басқарған 100-ден аса жүргізуші жауапқа тартылды, бұл – жол апатын тудыратын бірден-бір құқық бұзушылық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру