Қызылорда облысында пробация есебіндегі азамат әлеуметтік жоба аясында грант ұтып алды
Қызылорда облысында пробация есебіндегі азамат “ZHAS PROJECT” әлеуметтік жобасы аясында 1 млн теңге грант ұтып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“ZHAS PROJEСТ” жобасына 18 бен 35 жас аралығында барлығы 274 жас қатысушы өтініш білдірді. Техникалық іріктеуден 98 өтініш өтіп, оның ішінде 42 әлеуметтік жоба байқау критерийлеріне сай келіп, 14 жеңімпаз анықталды.
Сол жеңімпаздардың бірі Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған А. есімді азамат өз жобасын қорғап шығып, 1 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жеңіп алды.
Ол Көкшетау қалалық сотымен 2023 жылдың 15 мамырында ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мекенжайы бойынша Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде алынған.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің инспекторы Нұрсұлтан Ниязовтың айтуынша, есептегі азаматтар арасында кәсіп ашуға ниеттілер көп .Осы азаматта өз жобасын ұсынып, жеңімпаз атанды. Дәнекерлеу жұмысын одан әрі үлкейтпек ниетте.
“ZHAS PROЈЕСТ” жобасының мақсаты NEET санатындағы жастарды жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық өміріне және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту. Байқауда халықтың осал топтары мен шалғай ауылдық елді мекендердің жастарына ерекше басымдық берілді. Жоба Казакстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министірлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚЕАҚ тапсырмасы бойынша жүзеге асырылды.