Ақтауда синтетикалық есірткінің ірі партиясымен екі азамат ұсталды
Ақтауда синтетикалық есірткінің ірі партиясымен екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен арнайы операция жүргізіліп, оның барысында Ақтау қаласында Атырау облысының 30 және 32 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар әрі қарай Telegram дүкен арқылы өткізу үшін Ақтау қаласына құны 3,5 млн теңгеден астам болатын альфа-PVP синтетикалық есірткісінің аса ірі партиясын алып келген.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы – 83 грамм.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Күдіктілер соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.