Батыс Қазақстанда заңсыз мигранттар ұсталды
Осы жылдың 17 қарашасында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара барысында Бөрлі аудандық Пб көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп Қазақстан Республикасынан мемлекеттік шекарасынан Ресей Федерациясына заңсыз кесіп өтпекші болған Ауғанстан Республикасының төрт азаматын ұстады.
Аталған шетел азаматтарына қатысты ҚР ҚК-нің 514-бабы 2-бөлігіне (Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұсталғандардың айтуынша, олар жақсы өмір сүру үшін Еуроодақ елдеріне бет алған.