Алматыда шетелдік көлік жүргізушісі 1,5 миллион теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген
Алматыда шетелдік көлік жүргізушісі 1,5 миллион теңге көлеміндегі айыппұлын төлемеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, айыппұл төлемейтін жүргізушілерді анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.
– Олардың бірі – Қырғызстанда тіркелген Nissan автокөлігімен Алматы қаласында жол қозғалысы ережесін бұзған 31 жастағы М.есімді азамат.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жинақталды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қаласы ПД ӘПБ-ның әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспекторы Айдос Кеңес.
Сондай-ақ Алматы полициясы құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы туралы еске салды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылуда, оның ішінде, салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейтін «Қорғау – Қауіпті жүргізуші».