Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ: алматылық полицейлер 32 қылмыстың бетін ашты

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде Алматы полициясы 32 қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, соңғы тәулікте алдыңғы саптағы бөлімшелер мен полицияның біріктірілген жасақтары «ізін суытпай» 32 қылмыстың бетін ашты, оның ішінде адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру – 1, бопсалау – 1, алаяқтық – 11, есірткі қылмысы – 3, атыс қаруын заңсыз сақтаудың 1 дерегі және ұсақ ұрлық бойынша 7 дерек. Сонымен қатар бұрын жасалған 12 қылмыс ашылды.

– 2 мың 641 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, атап айтқанда, 71 ұсақ бұзақылық, 77 тыныштықты бұзу, 272 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 369 тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру деректері. ПД-нің қабылдап-таратуына 40 адам орналастырылды. Сонымен қатар түнгі уақытта үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген 90-нан астам кәмелетке толмағандар анықталды. Мас күйінде ұсталған 10 жүргізушіге әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Оралбек Ахимов.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында осы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада «Құқықтық тәртіп» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру