Маңғыстаулық полицейлер үш күнде 20-дан астам қылмыстың бетін ашылды
Маңғыстаулық полицейлер үш күнде 20-дан астам қылмыстың бетін ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысында 20-22 қараша аралығында республикалық “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен барлығы 22 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, анықталды.
Мәселен, ғаламтор желісіне мониторинг жүргізу барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 311-бабымен үш күдікті тұлға құрықталды.
Сондай-ақ алаяқтық қылмысының 15 дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 190-бабының 2,3-бөліктері бойынша тіркелді.
Қылмыстық кодекстің 198-бабына сәйкес үш күдікті азаматтың жеке бастары анықталып, ұсталды.
Бұдан бөлек, телефон ұрлаған 34 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны ұсталып, одан мойындау жауабы алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
“Кибернадзор” ақпараттық жүйесі арқылы 84 интернет ресурсы бұғатталды.