Жетісу облысында бір түннің ішінде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Жетісу облысында бір түннің ішінде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Панфилов ауданында HILUX PICK UP автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қоңыролен – Сарытөбе автожолымен келе жатып, 47 жастағы ер адамды қағып кетті.
Ескелді ауданы Алдабергенов ауылында 39 жастағы ер адамды MAZDA-626 көлігі басып кеткен. Екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталатын болады.